Тоқаев Жапонияның экс-премьеріне жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді

Ауыр жарақат алған саясаткер ауруханаға жеткізілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 июл – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министрі жасалған қастандыққа қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді.
"Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіріп отыр. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін", – деп жазды мемлекет басшысы.
Еске салсақ, бүгін таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министріне елдің батысындағы Нара қаласында көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған жерінде шабуыл жасалды. Ауыр жарақат алған саясаткер ауруханаға жеткізілді.
Жапония үкіметінде жасалған қастандыққа байланысты дағдарыс штабы құрылды. Үйде мылтықтан бірнеше рет оқ атқан адам сол жерде ұсталды. Ол 41 жастағы жергілікті тұрғын Тэцуя Ямагами болып шықты.
Қазіргі уақытта полиция күдіктіден жауап алуда, себебі әлі хабарланған жоқ.