НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Қазақстанда "құйтырқы" схемалардың артында табысын шетелде жасырған ықпалды тұлғалар тұр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Олжас Бектенов алқа отырысы барысында айтты.
Оның айтуынша, жалпы құны 57 миллиард теңге болатын 600-ден аса теміржолдың мемлекеттік бақылауға алынды.
Мысалы теміржол тасымалдаушылары үшін тарифтер 14 есеге – 2200 теңгеден 147 теңгеге дейін төмендеген. Мұндай "құйтырқы" схемалар артында көбіне "көлеңкелі" кірістерін шетелде жасыратын ықпалды тұлғалар тұрды", - деді Антикор басшысы.
Оның айтуынша, экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға және оларды мемлекет меншігіне қайтаруға байланысты істерді тергеу ерекше бақылауда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде мемлекетке 430 миллиард теңге немесе шамамен 1 миллиард доллар сомасында активтерді қайтару қамтамасыз етілді.
Бектенов "ӨКМ Операторының" ісі бойынша 180 миллиард теңгеден астам ұрлықтың алдын алғанын, олар толықтай мемлекетке қайтарылып, әлеуметтік мақсаттарға жұмсалатынын атап өтті.
Сондай-ақ ол шетелге заңсыз әкетілген қаражат пен мүлікті қайтару үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайту қажет екенін жеткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы Еуропа кеңесі Қазақстанды сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенцияға қосылуға шақырғанын айтты. Республикада конвенцияға қосылу бойынша шаралар қабылданбақ.
Бектеновтың айтуынша, құжатты ратификациялау активтерді қайтару бойынша республиканың мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.