Өңірлер

Шілдеде қай өңірлерде жауын-шашын аз болады

Sputnik
АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Қазгидромет шілде айында Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болады деген болжамға түсініктеме берді, деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Жауын-шашынның стандартталған индексі болжамына сәйкес, мына өңірлерде жауын-шашын тапшылығы болады:
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында;
Ақтөбе облысының Айтекеби және Хромтау аудандарында;
Алматы облысының Алакөл ауданында;
Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында;
Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарында;
Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында;
Абай облысының Семей қаласы маңында;
Қызылорда облысының басым бөлігінде.
Құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болжанды.
Қазақстанның қалған аумақтарында ылғалдану жағдайлары нормаға жақын, ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жеке аудандарында оңтайлы болады.
Айта кетері, болжам ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылады, сондай-ақ www.agrodata.kz қосымшасында жарияланады.