Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан әкімі қисынсыз ақылы автотұрақтардың жойылатынын мәлімдеді

Қала басшысы ақылы автотұрақ жүргізушілерді тәртіпке үйретіп, қозғалыс ретсіздігін төмендетеді деп есептейді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарының ақылы автотұрақтардың күрт артқаны туралы сынына жауап берді.
Оның айтуынша, Министрліктер үйінің бойындағы даңғылда ақылы автотұрақ жүйесі жақсы жұмыс істеген.
"Бұл жоба Министрліктер үйі орналасқан Мәңгілік Ел даңғылының бойында тиімділігін көрсетті. Бір кездері көліктер көп болды, арыз-шағым түсетін, көлік қоятын жер болмады. Сосын, бұл көліктер қаланы тазалау жұмыстарына, әсіресе қыста қар шығаратын кезде кедергі келтіретін. 2019 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында келісімшартқа қол қойылды. Біз оны қайта қарадық", - деді Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Көлгінов жобаның жаңа екенін, одан әрі жетілдірілетінін атап өтті. Қазір тіпті тұрғын үйдің ауласында көлік қойғаны үшін ақы талап ете бастаған.
Әкімнің айтуынша, тұрғындар шағымданатын болса, ақылы тұрақтар алынып тасталады.
"Шаршамадым": Көлгінов отставкаға кетпейтінін айтты