"Шаршамадым": Көлгінов отставкаға кетпейтінін айтты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов отставкаға кеткісі келмейтінін айтты.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер елорда әкімінен "Жұмыстан шаршаған жоқсыз ба?" деп сұрады.
"Мен шаршаған жоқпын. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жатқанымды мақтан тұтамын. Күн тәртібінде тұрған мектеп, қолжетімді баспана, көпір салу, әлеуметтік мәселелерді шешу, тұтас қаланы дамыту секілді міндеттерді шешуге бар күшімді салуды парызым деп санаймын", - деп жауап берді Алтай Көлгінов.
Еске салайық, Алтай Көлгінов елорда басшысы болып 2019 жылдың 13 маусымында тағайындалған болатын. Оған дейін ол Батыс Қазақстан облысын басқарды.
Елорда тынысы
Елордада тағы бір саябақ пайда болады - Көлгінов жаңа мешіт аумағын көрсетті