Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Херсондағы гидроэлектр станция жұмыс істеп тұр

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары шабуылға төтеп бергендіктен, бұл ГЭС-тің істен шығуына жол бермеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Херсон облысындағы Новая Каховкадағы гидроэлектр станциясы жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
"Су электр стансасы бұрынғыдай жұмыс істеп тұр. Каховка гидроэлектр станциясына ешқандай зақым келген жоқ", - деді Каховка ауданының әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Владимир Леонтьев.
Бұған дейін аймақ билігінің хабарлауынша, Украина әскерилері Херсон облысының Новая Каховка қаласындағы су электр стансасына зымыранмен шабуыл жасаған.
"Таңертең су электр станциясына соққы жасалды. Зардап шеккендер бар, біз нақтылап жатырмыз", - деді өңірдің әскери-азаматтық әкімшілігі басшысының орынбасары Кирилл Стремоусов.
Оның айтуынша, Солтүстік Қырым арнасына қауіп төніп тұрған жоқ.
"Бүгін Украина қарулы құрылымдары Каховка гидроэлектр станциясына оқ атуға әрекеттенді. Мұндай өндірістік нысанның қиратылуының салдары Херсон облысының тұрғындары үшін апатты болуы мүмкін", - деді Херсон әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Владимир Сальдо.