Әлем

Ер адам сатып алған жиһазының ішінен көмек сұраған хат тапты

Ер адам бірден полицияға жүгінген
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Мәскеуде сауда орталығынан жиһаз сатып алған ер адам қорап ішінен хат тауып алды, деп хабарлады РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.
Хат авторы көмек сұрап, құтқаруды өтінген. Ер адам бірден полицияға жүгінген.
"Адамдарды тұтсқында ұстап отыр. Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізуде", - дейді ақпарат көзі.
Жиһаз Удмуртияда жасалған.
Елорда тынысы
"Пәтер беріледі": хат алған қазақстандықтар не істеуі керек