НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде - Sputnik. Алматы эпидемиологиялық жағдай матрицасының "сары" аймағында болғандықтан, қала тұрғындары Құрбан айт мерекесінде адам көп болатын жиындар өткізбеуі керек.
Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді.
Құрбандық шалу орындарында, сондай-ақ қала мешіттерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әкімдік, полиция, ветеринарлық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары қызметкерлері кезекшілік атқарады.
Басты мұсылман мерекелерінің бірі биыл 9-11 шілде аралығында өтеді.
"Мереке форматының былтырғы үлгісі сақталады. Алматыда құрбандықты онлайн және офлайн шалу мүмкіндігі қарастырылған", - деп түсіндірді брифингте Алматының бас имамы Төлеби Оспан.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн-форматта құрбандық шалу үшін арнайы www.qurban2022.kz. сайтын әзірледі.
Құрбандық шалудың бүкіл процесі бейнежазба режимінде өтеді. Дұға кезінде рәсімге тапсырыс бергендердің есімі аталады. Видео тапсырыс берушіге жіберіледі.
Алматыда Құрбан айтқа құрбандық шалу үшін 13 орын белгіленді.
Алатау ауданы:
"Мырзахмет" мешіті, Қарасу, Солтүстік айналым тас жолы, 15;
"Әскер ата" мешіті, Әйгерім-1, Бенберин к-сі, 18/4;
"Алғабас" мешіті, Алғабас, Ақбөпе көшесі, 6;
"Әл-Әзім" мешіті, Азат көшесі, 20а.
Бостандық ауданы:
"Бақыткелді" мешіті, Хан Тәңірі, Дулати даңғылы, 27/11;
Жетісу ауданы:
"Вайнах" мешіті, Айтықов көшесі, 1а.
Медеу ауданы:
"Аманқұл ата" мешіті, Т.Бигелдинов көшесі, 5;
"Фатима" мешіті, Ш. Жәнібек көшесі, 148;
"Райымбек батыр" мешіті, Думан-1, Хан Тәңірі көшесі, 1.
Наурызбай ауданы:
"Қалқаман-2" мешіті, Қалқаман-2, Аспандияров к-сі, 84;
"Қарағайлы" мешіті, Қарағайлы, Надыров к-сі, 1а;
"Таусамалы" базары, Таусамалы, Қонаев көшесі, 35В.
Түрксіб ауданы:
"Қайрат" мешіті, Қайрат, Сарымулдаев көшесі, 22.