Денсаулық

Қазақстанда өткен тәулікте вирус жұқтырғандар саны 330 адамға жетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда 330 адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, тағы 10 адам ковидтік пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы бері 1 308 207 адам коронавирус жұқтырды, 89 271 адам пневмониямен ауырды.
7 шілдедегі мәлімет бойынша, 1 734 адам коронавирус инфекциясынан (–1 677+ және 57 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 471 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында 12 адамның жағдайы ауыр.
Еске салсақ, 4 шілде күні Алматы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өтті. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысымен өңірде шектеу шаралары енгізілді. Атап айтқанда, тұрғындарға жабық ғимараттарда маска тағу ұсынылды.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы да "сары" аймаққа жақындап келеді.
Өңірлер
Алматы COVID бойынша "сары" аймаққа өтті