Өңірлер

Қазақстанның шығысында жергілікті тұрғындарға орманға баруға тыйым салынды

Абай облысының құтқарушылары өңірде төтенше өрт қаупі сақталғандықтан, осындай тыйым енгізді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Қазақстанның шығысында жергілікті тұрғындарға орманға баруға тыйым салынды.
Орманға барған кезде халыққа үзілді-кесілді тыйым салынады:
орманда тұтанған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға;
жел күшейгенде от жағуға;
отты қараусыз немесе сөндірілмеген күйі қалдыруға;
шыны ыдысты қалдыруға, өйткені оған түскен күн сәулесінен құрғақ шөп тұтануы мүмкін;
орман ішінде, бау-бақшада, ағаш түбінде және жазық далада құрғақ шөп пен қамысты жағуға.
Бұған дейін елдің шығысында "Семей Орманы" резерватынан өрт шыққан болатын. Жалын орманның 280 гектарын шарпыды.