НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Қазақстанда күнбағыс тұқымдарын экспорттауға квоталар енгізіліп жатыр, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.
"Қазақстан аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы" ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 5 шілдедегі бұйрығымен ел аумағынан күнбағыс тұқымдарын әкетуге шектеулер (квоталар) енгізіледі", - делінген құжатта.
Оған сәйкес, бір өтініш берушіге 500 тоннадан аспайтын күнбағыс тұқымын шығаруға рұқсат етіледі. Жалпы лимит – 15 мың тонна.
Шектеулер 8 шілдеден бастап енгізіледі және 30 қыркүйекке дейін күшінде болады.
Күнбағыс тұқымын әкетуге шектеулер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Бұл ретте бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша шығарылған тауарлар Қазақстан аумағынан кедергісіз өтеді.