Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Одақтас әскер Северскте белсенді әрекетке көшті

Sputnik
Донбасс аумағын азат ету аяқталып жатыр. Ресей әскері Луганск пен Донецк Халық Республикаларындағы Халық милициясы бөлімшелерімен бірлесіп, Украина Қарулы күштерінің Славянск-Краматорск бекініс аймағы бағытында шабуыл жасап жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Қарсылас Лисичанскке дейін кері шегіндірілді, сондықтан одақтас күштердің іс-әрекет алдағы тәулікте украин қарулы құрылымдарына Славянсктен 30 километр қашықтықтағы Северскте күш нығайтуға мүмкіндік бермейді.
Северодонецк-Лисичанск агломерациясын азат еткеннен кейін ЛХДР бөлімшелері Украина Қарулы күштерінің Славянск-Краматорск бекініс аймағын қорғап тұрған Северскіге (11 000 халқы бар) шабуыл жасау үшін Донецк майданына аттанып жатыр.
5 шілдеде одақтас әскер қарсы тарап солтүстіктен оңтүстікке қарай – Северсктен Соледар мен Артемовскке (Бахмут) дейін созылатын автомобиль және темір жол бағыттары бойынша жаңа қорғаныс шебін құруға тырысып жатқан Северск қаласының шет аумағына табан тіреді. Ресейлік ұзақ қашықтыққа арналған артиллерия Украина Қарулы күштерінің Славянск және Краматорскідегі нысандарына соққы жасап жатыр.
Донецк Халық Республикасының аумағында өткен тәулікте әуедегі дәлдігі жоғары зымырандармен АҚШ өндірісіне жататын жаппай оқ атуға арналған HIMARS реактивті қондырғысы мен екі оқ-дәрі қоймасы, 57-ші мамандандырылған бригаданың зымыран-артиллериялық қару-жарағының ауқымды арсеналы қиратылды. Ресей әскери-ғарыш күштері Украина Қарулы күштерінің алты басқару пунктін, соның ішінде "Юг" жедел тобының, 79-шы десанттық-шабуыл тобының және 57-ші механикаландырылған бригадаларының басқару пункттерін жойды.
Украина Қарулы күштерінің бас штабы бөлімшені Северсктен Славянскке алып кетуді ұсынды. Бұл Полтава – Днепропетровск – Запорожье майдан желісінде украин қорғанысы үшін күш пен құралды сақтауға қажет болады. Виктор Лях 5 шілдеде украин телеарнасында Бас штаб Славянск пен Краматорск қалаларының жақын арада берілетінін болжағанын айтты.
Ресей әскері солтүстіктен Долина елді мекені бағытында – Славянскіден 15 километр жерде, шығыстан - Северск шетінде соғысып жатыр, ал оңтүстіктен – Артемовсктен 6 километр қашықтықтан Соледарға шабуыл жасап жатыр. Славянско-Краматорск бекініс аймағын үш жағынан қоршауға алу орындалып жатқаны байқалады.
Славянскіден батысқа қарай сол жағалаудағы Украинаның кең даласы басталады. Аудан орталықтары арасындағы ауқымды қашықтық Украина Қарулы күштеріне берік қорғаныс құруға мүмкіндік бермейді. "Шығыс майданы" Днепропетровск, Запорожье, Николаевқа қарай ығысады және Харьков бірінші кезекте азат етілуі ықтимал.
"6 шілдеде Харьков облысының уақытша азаматтық әкімшілігінің басшысы облыстың азат етілген аумақтары тұрғындарының Ресейге оралуға ниетті екенін мәлімдеді. Ресейдің көрші мемлекетті демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы операциясының стратегиялық ауқымын Украина Қарулы күштерінің терең операциялық тылындағы нысандарға , атап айтқанда Одесса, Хмельницкий және Батыс Украинаның басқа да облыстарына күнделікті зымыранмен жасалған шабуылдар растап отыр", - деп жазды Хроленко.
Оның пікірінше, Украина Қарулы күштерінің күн сайын соққыға ұшырап, әскери бөлімшелер қоршауда қалып жатқаны және әскери техниканың сағаттап қиратылуы Батыстың Киевке "соңына дейін" көмектесуге деген құлшынысын бәсеңдеткен сыңайлы.
Ұлыбритания НАТО елдері аумағында украин сарбаздарын дайындау бойынша үш аптаға арналған бағдарламаны іске қосты. Лондон Украина Қарулы күштеріне әр төрт айда 10 мың сарбаз жөнелтуге уәде етті. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон бұл майдандағы жағдайда түбегейлі өзгертуге әсер етеді. Бірақ 20 күннің ішінде қарапайым адамнан біліктілігі мен қабілеті жоғары жауынгер дайындау мүмкін емес.
"Bulgarian Military басылымы украин әскерилерінің бастамашы тобы ресейлік тарапқа өздігінен жүретін екі CAESAR артиллериялық қондырғысын 240 мың теңгеге сатқанын жазды. Украинада қару-жарақтың заңсыз нарығы көптен бері қалыптасқан. Украинада танкке қарсы FGM-148 Javelin кешенін 30 мың долларға сатып алуға болады. Украинада Батыс қару жиі "жоғалып", Азия мен Африка елдеріне сатылып жатыр. Сондықтан Киевке қару-жарақ жеткізуді көздеген тараптың жоспары орындалмай жатыр", - деп жазылған материалда.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.