Өңірлер

ҰҚК оңтүстікте арнайы операция өткізді - 14 адам ұсталды

Олардың өзге қылмыстарға қатысы анықталады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде - Sputnik. Тараз және Шымкент қалаларында ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесуге бағытталған арнайы операция өткізілді.
Оған ҰҚК, ІІМ мен "А" және "Бүркіт" арнайы мақсаттағы жасақтары қатысты.
"Арнайы операцияның нәтижесінде топтың 14 белсенді мүшесі ұсталды. Процессуалдық іс-шаралар барысында қару-жарақ арсеналы, қомақты ақша, құжаттар табылып тәркіленді", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық топ мүшелерінің тауар-материалдық құндылықтарды аса ірі мөлшерде ұрлауға және кәсіпкерлерден ақша бопсалауға қатысты болғанына дәлелдер жиналды.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың өзге қылмыстарға қатысы анықталады.