Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында тікелей әуе рейсі ашылды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Башқұртстанды тікелей әуе рейсі байланыстырады: Нұр-Сұлтан мен Уфа арасында аптасына бір рет қатынайтын әуе рейсі іске қосылмақ.
Ресейлік "Азимут" әуе компаниясы 2022 жылдың 8 шілдесінен бастап жұма күндері аптасына бір рейс жиілігімен тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр.
Рейстер RRJ-95 типті ұшақтармен орындалады.
Билет әуе компаниясының ресми сайтында сатылады.
Рейс "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының үкіметі арасындағы ынтымақтастықты дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған жол картасын" іске асыру шеңберінде ашылып отыр.
Қазақстан халықаралық әуе тасымалын толығымен қалпына келтірді