Нұр-Сұлтанда қаруланған ер адам әйелін кепілге алды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Елордадағы "Тұлпар" сауда үйінде қаруланған ер адам әйелін кепілге алды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаменті.
Оқиға туралы куәгерлер кеше сағат 17:06-да "102" пультіне хабарлаған.
47 жастағы елорда тұрғыны ұсталды, оның әйелімен психологтар жұмыс істеп жатыр.

"Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады полиция.

Жанжалға ажырасу процесі себеп болғаны айтылды.
"Бәрі көз алдымызда – біздің бутиктің қарсы бетінде болды, қатты қорқып кеттік", - деп жазды әлеуметтік желі қолданушыларының бірі.