Экономика

Доллар 4 теңгеге қымбаттады

Доллар мен еуро қымбаттады, рубль аздап төмендеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде - Sputnik. Дүйсенбіде Қазақстан қор биржасында (KASE) кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 468,78 теңге (+4,39) болды.
Бір күн бұрын ол 464,39 теңге болатын.
Рубль бағамы 8,0039 (-0,4456) дейін аздап төмендеді. Еуро 490 теңгеге дейін қымбаттады (+4,00).
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтанның айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы - 464.63 теңге, сату - 468.83 теңге.
Рубль орташа есеппен 7.47 теңгеден сатылады, ал 6.78 теңгеден сатып алынады.