НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Әскерге шақырылғандар арнайы әскери операция өтіп жатқан аумаққа жіберілмейді, деп мәлімдеді Ресей қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу әскери ведомствода өткен селекторлық кеңесте.
"Бұған дейін айтқанымдай, әскерге шақырылғандар арнайы әскери операция өткізу аймағына жіберілмейді", - деп мәлімдеді Шойгу. Бұл туралы РИА Новости ақпарат таратты.
Көктемгі әскерге шақыру науқаны нәтижесінде Ресейде 89 мыңнан астам әскерге шақырылған сарбаз әскери міндетін өтеу орындарына бағытталды.