Фото

Әлемдегі ең ұсқынсыз иттер байқауы өтті – фото

Sputnik
Адам айтса сенгісіз! Бірақ төрт аяқтылар "әлемдегі ең ұсқынсыз" деген атауды жеңіп алу үшін де жарысқа түседі. Жақында ғана дәл осындай байқау Калифорнияда өтті. 2022 жылдың ең сүйкімсіз иті деген атақты кім жеңіп алғанын суреттер топтамасынан көріңіз.
Дегенмен, бұл байқаудың мақсаты сырт келбеті үшін "ұсқынсыздар" қатарынан табылған жануарларды келемеж етуге емес, керісінше мейірімділікке, олардың да махаббат пен қамқорлыққа лайық екенін паш етуге бағытталған. Бұл байқауда жеңімпаз атанған қай ит екенін білгіңіз келсе, суреттер топтамасын тамашалаңыз.
1 / 12

Әдеттен тыс бұл байқаудың жеңімпазы - Мистер Happy Face атты төрт аяқты жануар. Ол өз иесіне 1500 доллар көлемінде сыйақыны жеңіп алуға себепші болды. Бұл иттің жасы 17-де.

2 / 12

Ал 1000 доллар көлеміндегі екінші сыйақы обадан аман қалған, тісінен айырылған және қазір үнемі тілін салақтатып жүретін Жабайы Тангке тиесілі болды. Суретте: Дикий Танг пен оның иесі.

3 / 12

Коронавирус пандемиясына байланысты байқау өткізілмей қалды да, екі жыл қатарынан ұсқынсыз иттер жүлдесіз қалды.

4 / 12

Осы жылы ең ұсқынсыз ит байқауын қамтитын Sonoma-Marin калифорниялық жәрмеңкесі қайта ұйымдастырылды. Суретте: Аризонадан келген Джози есімді ит сахнаға шығуды күтіп тұр.

5 / 12

"Әлемдегі ең ұсқынсыз ит" байқауы пандемияға дейін Калифорнияда 50 жыл қатарынан өткен.

6 / 12

Байқау мақсаты – адамдарды қаңғыбас иттерді асырап алуға ынталандыру. Себебі, сырт келбеті қандай екеніне қарамастан, барлық тіршілік иесі махаббат пен қамқорлыққа лайық.

7 / 12

Байқау жеңімпазы Мистер Happy Face сыйлық ретінде сондай-ақ кезінде қаңғыбас иттерге арналған мекемеден оны асырап алған иесімен бірге Нью-Йоркке саяхатты ұтып алды. Иттің ауру-сырқауы көп. Сондықтан оған ерекше күтім қажет.

8 / 12

Қазылар алқасының ерекше назарына іліккендер қатарында "түксіз әрі тіссіз мутант", "гиена тәрізді" және "горилла басты іспеттес" иттер де болды.

9 / 12

Байқау түксіз, көзі қыли, талтаңдап басатын немесе құлағының пішіні біртүрлі иттерді де асырап алуды насихаттайды.

10 / 12

Биыл іс-шараға 10 ит қатысты.

11 / 12

Калифорнияда ең ұсқынсыз итті анықтау дәстүрге айналды. Қатысушылар саны жылдан-жылға артып келеді.

12 / 12

Ит-төбетті тек сыртқы келбетіне қарап жақсы көруге болмайды.