Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің қызметкерлері мүлік жымқырған

Тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Бас әскери прокуратура қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріндегі жымқыру фактілері туралы хабарлады.
Әскери мүліктің түгел болуын қамтамасыз ету мақсатында тексеріс жүргізіп жатқаны хабарланды.

"Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 миллион теңгеге (1,7 миллион доллардан астам – Sputnik) киім мен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған хабарламада.

Тергеуді бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүргізеді. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.