НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы күзде Орынборда өтеді, деп хабарлады Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайыловпен келіссөз барысында.
"Біз күзде Орынборда өтетін Ресей мен Қазақстан арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың кезекті форумын өткізуге дайындалып жатырмыз", - деді Мишустин.
Ресей үкіметінің басшысы форум өзекті тақырыпқа - саудадағы инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастауға арналатынын атап өтті, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейінгі форум 2021 жылдың қыркүйегінде өтті. Қазақстан мен Ресей президенттері пандемияға байланысты онлайн-форматтағы форумның пленарлық отырысында сөз сөйледі.