Оқиға

Қарағандыдағы өрт: саяжай тұрғындары эвакуацияланды

Қала әкімі өрт сөндірушілердің жұмысы қатты жел салдарынан қиындай түскенін атап өтті
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Қарағандыда Осевая көшесінде отырғызылған ағаштар өртеніп жатыр. Қатты жел салдарынан өртті сөндіруде қиыншылықтар туындады, деп хабарлады Ekaraganda.kz.
Қарағанды әкімі Ермағанбет Бөлекбаевтың хабарлауынша, қауіпті учаскеде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылып, тұрғындарды жақын маңдағы саяжай учаскелерінен эвакуациялау басталды. Қала әкімі өрт сөндірушілердің жұмысы қатты жел салдарынан қиындай түскенін атап өтті.

"Жедел штаб құрылды. Өртті сөндіруге ТЖД, орман шаруашылығы күштері және 10 техника жұмылдырылды. Жол уақытша жабылды. Саяжай тұрғындарын эвакуациялау басталды. Жағдайды бақылауда ұстаймын", - деді Қарағанды әкімі.

Басылымның мәліметінше, өрт туралы хабарлама 4 шілдеде 12:02-де түскен.
"Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы" мекемесі маңында шөптер мен ағаштар жанды.
Айта кетері, 3 шілде күні кешкі уақытта Қарағанды тұрғындары түтіннің қатты иісіне шағымданған болатын. 30 шаршы метр аумақта автомобиль дөңгелектері өртенді. Өрт түтіні бүкіл қалаға жайылды. Төтенше жағдайлар департаменті өрттің сол күні кешкі уақытта тоқтатылғанын атап өтті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.