НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Луганск Халық Республикасында операцияға қатысқан бөлімшелер демалуы керек, деді Ресей президенті Владимир Путин елдің қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесу барысында.
"Луганск бағытында болған оқиғаларға қатысқан бөлімшелер демалып, жауынгерлік қабілетін арттыруы керек", - деді Ресей мемлекетінің басшысы.
Кездесу барысында ол кейбір сарбаздарды марапаттауды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Шойгу Путинге Луганск халық республикасы Ресей бақылауына өткенін хабарлаған болатын
Ресейлік әскер Луганск Халық Республикасының халық милициясының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Лисичанск және оған жақын орналасқан елді мекендерді толық бақылауға алды. 3 шілдедегі жағдай бойынша 182 шаршы шақырым Ресей қарамағына өткен.