Президент екі заңға қол қойды

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы "Стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент қол қойған екінші заң - "Волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар, дәрілік қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".

Стресті активтер нарығы мәселелері

Стресті активтер нарығында пайдаланылатын нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге және осы саланың дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған. Заң Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қабылданды.
Жаңа нормаларда инвесторлар үшін стресті активтер нарығының қолжетімділігін қамтамасыз ету қарастырылған.
Волонтерлік қызметті дамыту жөніндегі заң азаматтарды жүйелі негізде қайырымдылық және волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруға бағытталған.
Онда гранттық қаржыландыру процесінің ашықтығын арттыру, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін күшейту және олардың тұрақты дамуы туралы ережелер бар. Сондай-ақ, құжат азаматтар үшін медициналық қызметтер мен дәрілік препараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық шешімдерді көздейді.