Елорда тынысы

Елорда әуежайы автотұрақ ақысын билетсіз төлеу жүйесін енгізді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. 1 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан әуежайы аумағында автотұрақ қызметі үшін билетсіз төлем жүйесі жұмыс істейді, деп хабарлады елорда әуежайының баспасөз қызметі.
Шлагбаум көліктің кіріп-шыққанын жазатын камера арқылы басқарылады, ал 99% дәлдікпен автокөлік нөмірін тану алгоритмі арқылы автотұраққа кіруге рұқсат беріледі.
"Жаңа жүйе қағаз немесе пластик билеттерді жояды және операциялық шығындардың, көмірсутегінің, вирустық аурулардың төмендеуіне әкеледі және клиент тәжірибесін айтарлықтай жақсартады", - делінген әуе айлағының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бағдарламалық қамтамасыз ету төлем жүйелерімен және қосымшалармен интеграциялануға мүмкіндік береді. Бүгінде тұрақ ақысын бірнеше әдіспен төлеуге болады:
1.
Kaspi QR, Halyk QR қосымшалары арқылы;
2.
Қолма-қол;
3.
Әуежай ғимараттарында орналасқан төлем терминалдары арқылы банк картасымен.
Жақында NQZ мобильді қосымшасы арқылы төлеуге жағдай жасалмақ, ол кезде жүйе қажетті соманы автоматты түрде ұстап отырады.
Кептелісті болдырмау үшін тұрақ ақысын әуежай ғимаратында төлеген жөн.