Видео

Орын жоқ: ата-аналар таңғы 5-тен Binom мектебінің алдында кезекте тұрды – видео

Елордада Жағалау ауданындағы "Зәм-Зәм" тұрғын үй кешені жанындағы Binom мектебіне оқуға құжат тапсырғысы келетіндер арасында жанжал туындады
Sputnik
Таңғы бестен бастап адамдар баласын 1-сыныпқа түсіру үшін кезекте тұрды. Алайда құжаттарды қабылдау басталғаннан бірнеше минут өткен соң мектепке орын жоқ екені айтылды.
Ашуланған астаналықтар әкімдік пен мектеп әкімшілігінен оқу орнының тез толтырылуына не себеп болғанын және оқуға түсушілер арасында кезектің неліктен ашық өтпегенін анықтауды талап етуде. Кейбір тұрғындар пәтерін сатып, бесінші Binom мектебі ашылатын ауданда жаңа баспана алған. Бірақ бұл ауданда тіркелгеніне қарамастан, адамдар құжаттарын тапсыра алмады.

"Біз таңғы бестен бастап кезекке тұрдық. Біз мұнда күн астында тұрмыз, бізді тіпті мектеп ауласына кіргізбейді. Біз үшін орындықтар да қойылмады", - деп бөлісті тұрғындардың бірі.

Білім ғимаратының өкілдері мектепке құжатты онлайн режимінде сәуірден бастап қабылдау жүріп жатқанын түсіндірді. Сол кезде мектептің негізгі контингенті қабылданған. Офлайн өтінімдер бойынша орындар саны санаулы минутта жабылды, өйткені мектепте оқығысы келетіндер көп.
Айта кетері, биыл сәуір айының басынан бастап құжаттар негізінен электронды форматта қабылдана бастаған. Жақын жерде тұратындар да, елорданың басқа аудандарының тұрғындары да Binom мектептерінде оқи алады.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында төрт Binom мектебі жұмыс істейді. Бесінші мектеп биыл қыркүйек айында ("Зәм-Зәм" тұрғын үй кешені жанында) есігін ашады. Мектептер 4 мың оқушыға есептелген.