Қоғам

AsiaCredit Bank-тің мүлкін ұрлауға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігі Алматыда AsiaCredit Bank-тің мүлкін ұрлау фактісіне қатысты тергеу басталғанын растады.
"Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті "AsiaCredit Bank" АҚ-ның мүлкін ұрлау дерегіне қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде", - делінген хабарламада.
Қазір департамент ҚПК 24-бабының талаптарын орындауға бағытталған тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.
ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
Былтыр қазан айында Қазақстанда тоғыз банктің таратылатыны хабарланды. Олардың арасында AsiaCredit Bank те бар.
Экономика
Қазақстанда тоғыз банк таратылады