Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

ЛХР Ресей әскери күштерінің бақылауына өтті - Шойгу

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде - Sputnik. Ресей Федерациясының қорғаныс министрі Сергей Шойгу Владимир Путинге Луганск Халық Республикасының аумағы Ресей әскери күштерінің бақылауына өткенін баяндады, деп хабарлайды РИА Новости Ресей Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
"Бүгін 3 шілдеде Ресей Федерациясының қорғаныс министрі армия генералы Сергей Шойгу Владимир Путинге Луганск Халық Республикасындағы жағдай туралы баяндады", - деп хабарлады департамент.
Бұрын хабарланғандай, Ресей әскери күштері ЛХР халық милициясының бөлімшелерімен Лисичанск қаласын және жақын маңдағы елді мекендерді, соның ішінде Белогоровка, Новодружеск, Малорязанцево және Белая Гораны бақылауға алғанын хабарлаған еді.
Соңғы тәулікте Ресей бақылауға алған аумақтардың жалпы ауданы 182 шаршы шақырымға жеткен.
Саясат
Қазақстан ЛХР мен ДХР-ды мойындамайды - Тоқаев