СІМ Қарақалпақстандағы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

Ведомство бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімділік білдірді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Қазақстан соңғы күндері Өзбекстанда болған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдады. Сыртқы істер министрлігі сайтында осындай ресми мәлімдеме жарияланды.

"Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімін құптаймыз әрі қолдаймыз", - делінген мәлімдеме мәтінінде.

Ведомство бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімділік білдірді.
Қазақстан Өзбекстанмен 1998 жылы 31 қазанда Мәңгілік достық туралы шарт, 2013 жылы 14 маусымда Стратегиялық әріптестік туралы шарт және 2021 жылы 6 желтоқсанда Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем екені жазылған.
Нүкіс – Бейнеу бағытындағы пойыз уақытша тоқтатылды