Қоғам

Нұр-Сұлтанда журналист Махамбет Абжан ұсталды

Ол кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Елордада журналист және блогер Махамбет Абжан 50 млн теңге алып жатқан жерінен ұсталды.
Антикор хабарлағандай, ол кәсіпкерлерді абырой-беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді БАҚ-қа жариялап жіберемін деп қорқытқан. Сөйтіп олардан ақша бопсалаған.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қоқан-лоқысымен кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Осы жылдың 3 шілдесінде жүргізілген арнайы операцияның нәтижесінде Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.
Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.