Әлем

Белгородта бірнеше жарылыс болып, үш адам көз жұмды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Ресейдің Белгород қаласында жарылыстан жер үй өртенді, үш адам қаза болды.
Тағы төрт адам зардап шеккен.
39 жер үй жартылай, соның ішінде бесеуі толығымен қирады. Сондай-ақ 11 көппәтерлі үйге зақым келді.
RT ақпаратынша, Курск тұрғындары түнде жарылыстың даусын естіген. Ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері екі украиналық "Стриж" ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсірді, деп мәлімдеді өңір губернаторы Роман Старовойт.