Түркістан облысында малға екпе салынғаны туралы жалған есеп берілген

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Түркістан облысында төрт түлікті дәрілеу кезінде бірқатар заңбұзушылыққа жол берілген.
Нақтырақ айтқанда, жұқпалы ауруларға қарсы екпе салынғаны туралы жалған құжат толтырылған. Ал іс жүзінде ірі қара мен ұсақ мал мүлдем егілмеген болып шықты, деп хабарлады Otyrar.kz.
Прокуратура жүргізген тексеру барысында аталған олқылықтар анықталған. Қадағалаушы орган өкілдері Түлкібас, Жетісай және Сайрам аудандарында сатылып кеткен малға да екпе егілді деп жалған есеп берілгенін айтты. Мысалы, Түлкібас ауданындағы 9 ауылдық округте тұрғындардың малы тіркеуге алынбай, егу жүргізілмей келген.
"Осы жағдай бойынша ветқызметкерлерден, ветдәрігерлерден түсініктеме алынды. Тексеріс нәтижесі бойынша аудандардағы ветеринариялық пункттің меңгерушілері, оның филиал басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - дейді Түркістан облыстық прокуратурасының аға прокуроры Асылбек Тұршеков.
Өңірлер
Ақтөбе облысында жұқпалы ауру таралып жатыр