НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Сенбі, 2 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлеп құяды.
Өңірлердегі ауа райы
Қазгидромет мемлекеттік метеорологиялық қызметінің болжамына сәйкес, Қазақстанның батысында бұршақ жауып, дауыл соғады, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Алматы, Жетісу облыстарының солтүстігінде қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Абай облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда күндіз күн ашық болады, күндіз +24, +24, түнде +10, +12.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз +30, +32, түнде +18, +20.
Шымкентте күндіз +37 градусқа дейін қатты ыстықболады, түнде +20. Жауын-шашын жаумайды.