Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей теңіз шекарасын күзету үшін "Бал" мен "Бастион" зымыран кешендерін жұмылдырды

Sputnik
Қарапайым және ядролық қару-жарақ саласындағы Ресейдің халықаралық беделі мен технологиялық үстемдігін бүгінде бүкіл әлем мойындап отыр. Сондықтан АҚШ пен НАТО-ның антиресейлік саясатына қолдау білдіретін кез келген ел ықтимал қауіпке тап болып отыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Батыстың алаңдаушылығы артты: Вильнюс пен Батысқа қысым көрсету және қажет болған жағдайда НАТО-ның Балтық теңізіндегі флотын су түбіне кетіру үшін Ресей Калинингрдата "Бал" мен "Бастион" мобильді жағалау зымыран кешендерін (ЖЗК) орналастырды. Дегенен, бұл жағдайға баппен бақылау жүрізіп, нақты себебін анықтаса, барлығы мүлде басқаша сипатта екені белгілі болады.
Жекелеген Балтық елдерінің заңсыз, АҚШ пен ЕО-ның БҰҰ Жарғыларынан тыс қабылдаған антиресейлік санкциялары аясында Калининград облысын құрлық пен теңізде бұғаттауға бағытталған әрекеті соғыс жариялаумен пара-пар. Сондықтан Вильнюстің кез келген бір қате қадамы жаңа соғыстың басталуына себеп болады. Алайда, "Бал" мен "Бастион" мобильді жағалау кешендері Ресеймен ұласып жатқан теңіз аумағын тұрақты бақылап келеді және белгілі бір себепсіз кемеге қарсы зымырандар көкке көтерілмейді.
Екінші жағынан, Балтық теңізінде НАТО елдерінің осы тектес кешендері Ресей Әскери-теңіз күштерінің кемесіне қауіп ретінде бұрыннан орналастырылған. 30 маусымда альянс елдерінің көшбасшылары жаңа антиресейлік стратегияны қабылдады және НАТО-ның келесі саммиті Вильнюсте – Ресей шекарасынан (Калининград облысынан) 150 километр қашықтықта өтеді.
"Қара теңіз аймағында Солтүстікатлантикалық альянс Киев режиміне америкалық, норвегиялық және француз өндірісіне жататын Harpoon, NSM және Exocet сынды теңізде орналастыруға арналған кемеге қарсы зыммырандарды жеткізу арқылы өз агрессиялық бағдарын дамытып жатыр. Ал Еуропадағы тұрақтылық пен қауіпсіздік үшін саяси, экономикалық және технологиялық тұрғыда айтарлықтай үлесі бар Ресейдің мүддесі мүлде есепке алынбай отыр", - деп жазды Хроленко.
Үйлесе әрекет ететін мобильді "Бал" мен "Бастион" зымыран кешендері Ресей жағалауының қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етіп тұр. "Бал" кешенінің мүмкіндіктері қарсылас кемелерін 500 километрден астам қашықтықта Х-35У зымырандарымен қиратуға мүмкіндік береді. Бағыттау жүйесі құрлықтағы нысаналарды да анықтай алады. Сарапшының пікірінше, сондықтан, қажеттілік туындаса, Калининградтан Х-35У зымыраны Швеция, Дания, Германия, Польша мен кез келген Балтық еліне бағытталуы ықтимал.
"Бастион" кешенінің 800 километр қашықтыққа ұша алатын дәлдігі жоғары "Оникс-М" зымырандарының қуаты тіпті жоғары. Ол Балтық теңізінің жағалауынан 300 килограмм оқтұмсықты Хельсинки, Осло, Прага, Вена, Финляндия, Норвегия, Львовқа бағыттай алады. Жалпы "Оникстер" Сирия мен Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы кезінде жоғары тиімділігін дәлелдеді.
Бағыттау жүйесі құрама – инерциялы және белсенді радиолокациялық (соңғы кезеңде). Бір рет аппай атылған зымырандар нысананы маңыздылығы бойынша жіктеп, шабуыл тактикасын таңдай алады және қарсыластың әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан ауытқуға қабілетті. Батыстың кемеге қарсы зымырандарын ресейлік техникамен салыстыру айқын айырмашылыққа көз жеткізеді.
Салмағы 225 килограмм болатын оқтұмсықпен 220 километрге дейінгі қашықтықта шабуылдай алатын 850 км/сағ жылдамдықпен ұшатын америкалық модернизацияланған Harpoon кемеге қарсы зымыранын мысал етуге болады. Айта кету керек, бұл сандар қашықтық пен салмақ бойынша батыстың қол жеткізген ең жоғарғы шекті көрсеткіші. Ал норвегиялық NSM (Naval Strike Missile) мен француздардың Exocet кемеге қарсы зымырандары сәйкесінше салмағы 120 және 150 килограмм оқтұмсықты 1100 км/сағ жылдамдықпен алып ұшады. Натолық үш жағалау кешенінің де оқтұмсықтары қуаты бойынша ресейлік зымырандардан әлдеқайда төмен екенін ескеру керек.
"Соғыста қолдану аясына келсек, норвегиялық кешен әлі күнге дейін майдан шебінде қолданылған жоқ. Ал Harpoon кемеге қарсы зымыраны "борттағы радиолокациялық жүйемен шағын көлемді нысаналарды анықтау қиындығына байланысты" небәрі 40 километр қашықтықта "Шөлдегі боран" (1991 жыл) америкалық операциясы кезінде қолданылды. Француздардың Exocet кешені алғаш рет 1982 жылы Фолкленд аралы үшін Ұлыбритания-Аргентина қақтығысында қолданылды", - деп жазды Александр Хроленко.
Оның ақпараты бойынша, 37 километр қашықтықта екі аргентиналық шабуылдаушы зымыран тасымалдағыш "Шеффилд" эсминеціне және Ұлыбритания Әскери-теңіз күштерінің "Плимут" фрегатына шабуыл жасады. Зымырандардың бірінің белсенді радиолокациялық оқтұмсығы 12 километр қашықтықта "Шеффилдтке" дөп тиіп, судан 2 метр жоғары құлады да, су сызығынан 1,8 метр жоғары бортты тесіп өтті. Бірақ ол корпус ішінде жарылмады. Себебі түйістіруші жарылғыш құрылғы іске қосылмай қалды. Ал екінші зымыран жоғалып кетті. Сол сияқты, 1987 жылы Ирактың "Мираж" жойғыш ұшағы америкалық "Старк" фрегатына қарай екі Exocet зымыранын бағыттаған кезде, қос зымыран да фрегат бортына тигенмен, біреуі ғана жарылған.
Әскери сарапшы жазғандай, Украина НАТО-ның жоғарыда аталған кемеге қарсы зымырандарына қол жеткізгенмен, бұл ешқандай проблеманы шешпейді. Бағдар белгілі болғанмен, кемеге қарсы зымырандарды қолдану үшін қазір Украина Қарулы күштерінде жоқ дайындалған есеп қажет.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.