НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша 189 адам коронавирус жұқтырды. Қайтыс болғандар жоқ.
1 шілдедегі мәлімет бойынша, 788 адам коронавирус инфекциясынан (–741+ және 47 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 115 пациент стационарда, 673 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
6 адамның жағдайы ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Вирус жұқтырғандар, әсіресе екі қалада – Нұр-Сұлтан мен Алматыда көбейіп барады.
Бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов әзірге шектеу шараларын енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ деп мәлімдеді.