НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Жас жігіт цехта слесарлық жұмыстар кезінде терең бункерге құлап кетті, деп хабарлайды Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратынша, жазатайым оқиға 29 маусым сағат 23:15-те павлодалық компаниялардың бірінің цехында болған.
31 жастағы жұмысшы слесарлық жұмыстар кезінде тереңдігі 5 метрге жуық бункерге құлап кеткен. Ер адам түрлі жарақатпен Павлодар ауруханасына жеткізілді.
Бұл фактіге қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.