Спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Антикор мемлекеттік кәсіпорын ғимаратын төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісін тергеуде
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары Алматы қаласындағы "Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша жүргізіліп жатыр, бұл қылмыс мемлекет мүддесіне ауыр зардаптар әкелген, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.