Андрей Стенин атындағы байқау сайтында онлайн-дауыс беру басталды

Дауыс беру 23 шілдеге дейін ашық
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, интернет қолданушылары 2022 жылғы Стенин атындағы байқаудың қысқа тізіміне енгендердің ішінен ең үздік деген жұмысты анықтай алады.
1 шілдеден бастап сайттың орыс және ағылшын нұсқаларында онлайн-дауыс беру басталды. Дауыс беруге қатысу үшін өзіңізге ұнайтын фотосуретті таңдап, олардың әрқайсысының жанындағы тиісті белгішені басу керек. Бұл ретте әлеуметтік желілердің кез келгенінде жеке профиль болуы қажет емес.
Дауыс беру 23 шілде сағат 23:59-ға (Мәскеу уақыты бойынша) дейін ашық. Онлайн-дауыс берудің жеңімпазы тамыз айының басында белгілі болады. Ал интернеттегі ең танымал фотосуреттің авторы байқау дипломын иеленеді. Гран-при иегері сияқты қысқа тізімге енген номинанттардың жүлделі орындарды байқаудың ұйымдастыру комитеті қыркүйек айында сайтта жариялайды.
Сондай-ақ байқау жыл соңына дейін әлем қалалары бойынша жеңімпаздардың дәстүрлі роуд-шоуын бастауды жоспарлап отыр.
Конкурс жайлы: Ресейдің ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" медиа тобы ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистиканың міндеттеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған. Бұл – талантты, сезімтал және барлық жаңалықтарға ашық, жанымыздағы адамдар мен оқиғаларға назар аударатын жас фотографтарға арналған алаң.
Байқаудың халықаралық ақпарат серіктестері: Sputnik ақпарат агенттігі және радиосы, RT телеарнасы және порталы, Askanews ақпарат агенттігі, Independent Media медиахолдингі, Telam ақпарат агенттігі, ANA, Shanghai United Media Group (SUMG) жаңалықтар агенттігі, China Daily газетінің интернет-порталы, The Paper интернет-порталы, Al Mayadeen медиа желісі, этникалық сурет фестивалі.