Жеткілікті шек болмайды: зейнетақы жинағын жеке компанияға аударуға рұқсат берілуі мүмкін

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қазақстандықтарға зейнетақы жинағын жеткілікті шегіне қарамастан жеке компанияларға аударуға мүмкіндік беруді ұсынды.
БЖЗҚ кеңесінің мүшелері салымшылар ауқымын кеңейту үшін ең төменгі жеткілікті шекпен шектелмей, инвестициялық портфельді басқарушыны (ИПБ) таңдау бойынша инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуді ұсынды.
"БЖЗҚ" АҚ басқарма төрағасы Жанат Құрманов бұл бастаманың зейнетақы жинағын тұрғын үй мен емделуге жұмсаудан айырмашылығы, ИПБ-ға аударылған ақша жүйеде қалады және олардың нысаналы мақсаты сақталады.
Осыған байланысты Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының алаңында зейнетақы жинағының бір бөлігін ең төменгі жеткілікті шекке байланыстырмай, ИПБ-ға аударуға болатындай етіп, шарттарды өзгерту туралы ұсыныс қаралып жатыр.
Сонымен қатар БЖЗҚ релизінде "болашақта жеткілікті шектің мөлшерін есептеу зейнетақы аннуитеттерінің құнына негізделсе дұрыс болатыны" айтылды.