Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Қарулы күштері гарнизонды Змеиный аралынан шығарды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Ресей Қарулы күштері Украина аумағынан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін гуманитарлық дәліз ұйымдастыру жөніндегі БҰҰ-ның әрекетіне Ресей Федерациясының кедергі келтірмейтініне әлем қауымдастығының көзін жеткізу үшін Змеиный аралынан гарнизонды шығарды, деп хабарлайды РИА Новости Ресей қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
"30 маусымда Ресей Федерациясының Қарулы күштері ізгі ниеттің қадамы ретінде Змеиный аралында өздеріне жүктелген міндеттерді орындауды аяқтап, аралда орналасқан гарнизонды шығарды. Осылайша Біріккен Ұлттар Ұйымының Украина аумағынан ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін гуманитарлық дәлізді ұйымдастыру әрекетіне Ресей Федерациясының еш кедергі жасамайтыны әлем қауымдастығына дәлелдеді", - деді ведомстводағылар.
Ведомство "бұл шешім Ресейдің Қара теңіздің солтүстік-батыс бөлігін толық бақылауға алуына байланысты астықты алып шығудың мүмкін емес екенін сылтау етіп Киевке алдағы азық-түлік дағдарысы тақырыбы бойынша шу шығаруға мүмкіндік бермейді" деген пікір білдірді.
Министрліктегілер енді әлі күнге дейін өз жағалауларына жақын Қара теңіз жағалауын, соның ішінде порт маңы акваториясын миналардан тазартпай отырған Украина әрекет етуі керек екенін айтты.