Қостанай облысында кеніште екі жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілердің бірі қаза тапты

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Қостанай облысындағы Әйет боксит кенінде екі жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Краснооктябрь боксит кен басқармасының баспасөз қызметі.
"Екі жүк көлігінің соқтығысуы кезінде жүргізушілердің бірі ауыр дене жарақатын алып, көз жұмды. Компания ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетіледі", - делінген компанияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Бұл факті бойынша тергеу басталды.
Қоғам
Абай шахтасындағы апат: министр тергеу нәтижесін жариялады