Өңірлер

Атырауда екі күн бұрын жоғалған 12 жастағы қыз табылды - оқиғаның мән-жайы

Атырауда 27 маусымда 2010 жылы туған қыз табылмай жатқаны хабарланған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Атырау қаласында із-түссіз жоғалған 6-сынып оқушысы табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2010 жылы туған жасөспірім үйінен 27 маусым сағат 19:00-де үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Ата-анасы 28 маусым күні сағат 15:00-де полицияға хабар берген. Жоғалған қыз 29 маусымда 18:00-де табылды", - дейді полицейлер.

Жасөспірім құрбыларының үйінде болғанын айтқан. Бірақ ата-анасына ескертпеген.
Еске салсақ, Атырауда 27 маусымда үйінен шығып кеткен қыз табылмай жатқаны хабарланған болатын. Әлеуметтік желіде оның көшеде кетіп бара жатқан видеосы да тарады.
Өңірлер
Алматыда жоғалған қыз бір айдан соң Көкшетаудан табылды