НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Ресейлік әскерилер Херсон облысындағы психоневрологиялық интернат үйіне гуманитарлық көмек жеткізді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ресейлік әскери қызметшілер интернатта емделіп жатқан және ауыр сырқатқа шалдыққан балаларға бірнеше тонна азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауыз су және бірінші кезектегі қажеттілік заттарын жеткізді.
"Мен осы көмекке атсалысқан барлық адамға алғысымды білдіргім келеді.Қазіргі қиын кезеңде бұл дәрі-дәрмек, азық-түлік пен гигиена құралдарының барлығы дер кезінде жеткізіліп отыр. Біздің қамқорлығымыздағы балалар бұл заттарға қатты мұқтаж", - деді интернат үйінің директоры Владимир Семенов.
2 наурыздан бері Ресей Украинаға 37 427,1 тонна бірінші кезектегі қажеттілік заттарын, азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдарды жеткізген.
Барлығы 1226 гуманитарлық акция өткізіліп, оның барысында тұрғындарға 331 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.