НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев биыл "ҚазМұнайГаз" IPO-ға шығатынын жариялады.
"ҚазМұнайГаз" AIX және KASE алаңдарында акцияларын бастапқы орналастыруды жүзеге асырады.
Қор "ҚазМұнайГаз" IPO-ны Қазақстанның барлық тұрғыны үшін қолжетімді етуді, сондай-ақ мелінше көп инвесторларды қамтуды жоспарлап отыр.
"Халықты көптеп тарту мақсатында "Қазпоштаның", биржалар мен брокерлердің цифрлық инфрақұрылымын пайдалануды жоспарлап отырмыз. Мысалы, мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, акцияларды үйден шықпай-ақ сатып алуға, ал шалғай өңірлер үшін Қазпошта бөлімшелерінің қызметін пайдалануға болады", - деп атап өтті Сәтқалиев Astana Finance Days V конференциясында.
Ол барлық қазақстандықты еліміздің жетекші мұнай-газ ұлттық компаниясының акцияларын сатып алуға қатысуға шақырды.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Қазақстанның жетекші мұнай-газ компаниясы болып табылады.