АЛМАТЫ, 29 маусым – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жариялады. Құжат жария талқылау үшін "Ашық НҚА " интернет-порталына шығарылды.
Одан бөлек, құжатта қазақстандықтардың ұлттық құрамы туралы дерек те бар. Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адамға жетті. Оның ішінде:
қазақтар – 69,03%;
орыстар – 18,47%;
өзбектер – 3,29%;
ұйғырлар – 1,5%;
украиндар – 1,3%;
татарлар – 1,06 %;
немістер – 0,92%;
түріктер – 0,61%;
кәрістер – 0,57%;
әзербайжандар – 0,61%;
дүнгендер – 0,40%;
белорустар – 0,28 %;
тәжіктер – 0,27%;
күрдтер – 0,25 %;
шешендер – 0,18%;
поляктар – 0,15%;
башқұрттар – 0,09 %;
басқа этнос өкілдері – 1,04%-ті құрады.
Жалпы халық саны жөніндегі 2018-2021 жылдарға арналған статистика деректері ел халқының тұрақты ұлғаю үрдісін көрсетеді. Соңғы үш жылда елдегі халықтың саны 2,6 %-ке өсті.
Бұл ретте көші-қонға, халықтың жыныс-жас құрамының өзгеруіне, этностардың ел ішінде орналасуына және әртүрлі өңірлердің этнодемографиялық ерекшелігін күшейтуге байланысты этноәлеуметтік процестер серпінінің күрделенуі байқалады.