НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстанның KASE қор биржасында сәрсенбідегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 465,69 теңге болды.
Бұл алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 9,39 теңгеге жоғары.
Ұлттық банк 29 маусымдағы доллардың ресми бағамын 465,08 теңге деңгейінде белгіледі – KASE күндізгі сауда-саттық негізінде дәл осы бағам қалыптасқан.
27-28 маусымда теңге бағамы нығайды. Ал өткен аптаның соңында доллар 470,9 теңгеге дейін көтерілді.
KASE биржасында рубль бағамы 8,75 теңге болды.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында доллар 461 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр.