Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

"Үлкен жетілік" Путинге бойкот жарияламады

Sputnik
Осы аптада батыс әлемі көшбасшыларының саммиті жалғасып жатыр. Бавариядан "Үлкен жетілік" Мадридтегі НАТО саммитіне барады. Бұл жолы атлантикалық пакт құрамына кірмейтін Жапонияның премьер-министрі Кисида саммитке қонақ ретінде қатысады. Екі жиында да басты мәселе ретінде Ресей мен Путинге қатысты көзқарас талқыланады, деп жазды РИА Новости.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Шығыс Еуропа мен Балтық маңындағы күштерді ұлғайтуды қарастыратын альянстың жедел әрекет ету күштерін 40 мыңнан 300 мың адамға дейін арттыру туралы мәлімдеді. Атлантистер Ресеймен соғысуға дайындалып жатқан жоқ. Бұл жай ғана күш-қуатты паш ету әрекеті.
Жалпы Баварияның Эльмау қорғанында өткен саммитте әр елдің өз әлеуетін және альянстағы бірлікті айқындауға тырысқаны байқалды. Мысалы, Байден мен Шольц Батыстың бірлігіне көңілі толатынын айтып, Украинадағы арнайы операция "Жетілік" пен НАТО-ның арасына жік түсірмегенін мәлімдеді.
"Алайда бұл тұтастықты ары қарай не қылмақ? Еуропадағы НАТО әскерін арттыра ма әлде Киевке тағы қару-жарақ пен қаражат бере ме? Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель "украин халқымен ынтымақтастықты білдіру мақсатында G7-дің мызғымас тұтастығын айқындау, Украина үшін қаражат, қару-жарақ пен саяси қолдауды арттыру" да Ресейдің арнайы операцияны жалғастырудан бас тартуына ықпал ете алмайды. Батыс өзінің бұған кедергі келтіре алатыны және Ресейдің жеңілетіні туралы үздіксіз айта беруіне болады. Бірақ, неғұрлым көп айтса, соғұрлым өз қателігін көп рет мойындауына тура келеді", - деп жазды мақала авторы.
Ресей арнайы әскери операцияны жоспарға сәйкес аяқтаған кезде, бүкіл Батыс өзінің қателескенін мойындауына, сондай-ақ бірнеше рет "Гитлер" деп атаған Путинмен сөйлесуіне тура келеді. Сонымен қатар "әскери қылмыскермен" байланысты қайта жандандыруға не себеп болғанын өз азаматтарына түсіндіру қажет болады. Жалпы англосаксондар Путинге қатысты өткір пікір айтудан алда келе жатыр. АҚШ, Ұлыбритания мен Канада "Ресей жеңілетініне" кәміл сенімді.
G20 саммитіне дейін бес айдан аз уақыт қалды. Коронавирус пандемиясына байланысты онлайн форматты өткен саммиттерден кейін араға үш жыл салып әлем көшбасшылары бетпе-бет кездеседі. Олар қарашаның соңында Балиде бас қосады. Бұл жолы ешқандай қауіпті ввирус барлық жиырма президент, премьер-министр мен тақ мұрагерлерінің Индонезияға келуіне кедергі болмайды деген үміт зор.
Мақала авторы жазғандай, көктемнің басында-ақ Вашингтон мен Лондон Индонезия президенті Джоко Видодоны ресейлік президентті шақырмауға көндіруге тырысты. Бірақ Видодо "ешкім жиырмалықтан шығарылмайтыны" туралы кесімді жауап берді. Дегенмен, Индонезия Украина президенті Зеленскийге шақыру жолдауға келісті. Себебі, саммиттің екінші күнінде форум қонақтары саналатын елдердің көшбасшыларымен кездесу өтеді.
Путиннің саммитке қатысатыны анық. Ал англосаксондар не істемек? Байден, Джонсон, Трюдо мен австралиялық жаңа премьер Аьбанезе наразылық ретінде іс-шараға келмей қоя ма? Бірақ бұл нәтиже бермейтін секілді. Себебі олар "Жетілік" бойынша өз серіктестерін Ресей президенті Путинді шақырмауға көндіре алмады.
Бұл "Үлкен жиырмалықтың" іс-шараларының бірінде қаржы министрлерінің кездесуінде ресейлік министр Силуанов сөз сөйлеген кезде залдан тек АҚШ, Ұлыбритания, Канада мен Франция өкілдері ғана шығып кетті. Макронның өз қалауымен залдан шықпағаны анық. Себебі француз президенті үнемі "Ресеймен сөйлесу қажеттілігі" туралы айтып жүр. Қазір "Жиырмалықтың" Ресейге бойкот жариялауы төңірегіндегі шу басылып, батыстағы барлық мемлекет Балиге бару қажеттілігін анық түсініп отыр.
Ең алдымен Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Владимир Путиннің қатысатынын сылтау етіп, G20 саммитіне бойкот жариялаудың мәні жоқ екенін айтты:
"Біз осы әрекет арқылы G20-ға залал келтіріп отырғанымызды ойлану керекпіз. Сондықтан мен мұны қолдамаймын. Менің ойымша, G20 өте маңызды, әсіресе, дамушы елдер үшін мәні зор. Путиннің мұны жоюына жол бермеуіміз керек".
Еурокомиссия төрағасының бұл ойынан санкция енгізген Батыс болса да, бағаның қамбаттауына Путинді кінәлаған мәлімдеме анық байқалып тұр. Олардың ойынша, батыс елдері саммитке баруды хош көрмесе, оған да Путин кінәлі екен.
Батыс өз қолымен Ресеймен қарым-қатынасты ғана емес, өз экономикасын да құртып жатыр. Қарашаның ортасына қарай энергия ресурстары бағасының өсуі қазіргіден де өзекті болады. Сондықтан саммитке қайтадан Ресейге сес көрсетіп, "Путинді тыю" үшін жаңа санкциялар ұсынылуы ықтимал.
Германия канцлері Олаф Шольц те отандасының пікірін қолдады. Ол "G20 өз рөлін атқаруды жалғастыра беруі керек. Сондықтан біздің G20 жұмысына кедергі болмауымыз маңызды" деген пікір білдірді.
Алайда Олаф Шольцтен "Жиырмалықтың" ортақ отырысы кезінде Путинмен бір үстел басында отыруға қалай қарайтыны туралы сұрағанда, канцлер нақты жауап бермеді. Ол "неміс тарапы саммитке аттанардан біршама уақыт бұрын нақты шешім қабылдайтынын, себебі ол шаққа дейін әлемдегі жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін" екенін айтты.
"Әлемдегі жағдай өзгеретіні анық. Алайда Владимир Путин қорғап отырған Ресей мүддесі ғана өзгеріссіз қалады. Ол Балиде өз елінің мүддесін қорғап, өткір пікір айтатыны белгілі", - деп жазды мақала авторы.