Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

"Үлкен жетілік" елдері ресейлік мұнай үшін шекті баға бекітуді көздеп отыр

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым - Sputnik. "Жетілік тобы" (G7) көшбасшылары үшінші елдермен жедел консультация өткізуге келісті. Олар энергия бағасын ұстап тұру және Ресейді мұнайдан аз кіріс алуға мәжбүрлеу үшін мұнайдың шекті бағасын белгілеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Сондай-ақ G7 елдері әріптестермен баға келісілмеген жағдайда Ресейден мұнайды теңіз арқылы тасымалдауға тыйым салу мүмкіндігін қарастырады.
Франция президенті Эммануэль Макрон ресейлік мұнайға шекті баға белгілеу идеясын қолдайтынын айтты.
"Күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселе * ресейлік мұнай бағасының шегін белгілеу. Қазір мұндай механизм жоқ, зерттеу енді басталды. Мен мұны қолдаймын. Бұл жақсы идея... Әлемдік бағаның шарықтап жатқаны сонша, бұлРесейдегі әскери іс-қимылды қаржыландырумен тепе-тең болып отыр. Ащы ақиқат осы. Сондықтан бағаға шек орнату жақсы ой деп санаймын", - деді Макрон G7 көшбасшылары саммитінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында.
Ол сондай-ақ бұл мәселенің техникалық қиындықтары бар екенін айтты. Себебі, Ресей мұнайы түрлі тәсілмен жеткізіледі және түрлі елдерге сатылады. Ал ол мемлекеттердің бірқатары өз кезегінде бұл мұнайды әртүрлі мұнай өнімдеріне ретінде өңдейді.
"Бұл жүзеге асуы үшін сатып алушылар одағын құрып, олардың арасында өзара әрекеттестік орнату керек... себебі ол саып алушылар шекті баға белгілеуге және ол тәртіпті сақтауға келісуі қажет. Бұл жақсы идея деп ойлаймын. Енжі техникалық жұмыстар саяси талқылаулар негізінде басталады", - деді Макрон.
Оның айтуынша, бір батырманы басып, шекті баға белгілеу мүмкін емес. Себебі нақты механизм жоқ.
ГФР канцлері Олаф Шольц G7-дің Ресей мұнайына шекті баға белгілеу туралы ұсынысы сын-қатерге толы екенін мәлімдеді.
"Мұнай экспортына қатысты шекті баға белгілеуді жүзеге асыру сын-қатерге толы. Осыған байланысты ауқымды жұмыстар жүргізілуі қажет болады", - деді канцлер сәйкес сұраққа жауап беру барысында.
АҚШ-тың қаржы министрі Джанет Йеллен бұған дейін АҚШ ресейлік мұнайдың әлемдік нарыққа шығуын жалғастыруын құптайтынын, бірақ оның төмендетілген шекті бағамен жеткізуі қажет екенін айтқан. Кейінірек Йеллен бағаны шектеудің талқылануы Батыстың санкцияларына қарамастан ресейлік мұнайды әлемдік нарыққа жеткізілуін кеңейтуге арналғанын түсіндірді. Министр бұл бастаманы Ресейден энергия тасымалдаушы ресурсты импорттаудан толық немесе ішінара бас тартқаннан кейін рекордтық инфляцияға тап болған АҚШ пен оның одақтастары белсенді түрде пысықталып жатқанын мәлімдеді.
Бұл ретте Франция көшбасшысы АҚШ президенті Джо Байденге Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) мен Сауд Арабиясының мұнай өндіруді арттыруы екіталай екенін айтты.
"Мен Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Мұхаммед бен Заидпен сөйлестім. Ол маған екі мәселені баяндады. Біріншісі: ол өндірістік қуат жоғарғы көрсеткішпен жүргізіліп жатыр. Екіншісі: оның айтуынша, сауд арабиялықтар өндіруді аз ғана, тәулігіне 150 мың баррель немесе одан сәл көп қана арттыра алады, бірақ алты айсыз оларда ауқымқы қуат пайда болмайды", - деді Макрон Байденге G7 саммиті аясында.
Германия төрағалығымен өткен G7 саммиті Баварияның Эльмау сарайында өтті. "Үлкен жетілік" құрамына Ұлыбритания, Германия, Италия, Канада, Франция, Жапония және АҚШ кіреді.