Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Үкімет қаулысымен Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.
Ахмет Байтұрсынов – қазақтың қоғам және саяси қайраткері, ақын, ғалым, түркітанушы, аудармашы, педагог, публицист. Халық оны "Ұлт ұстазы" деп атайды.
Бұған дейін Орал әуежайына Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілген болатын.