Әлем

Қазан тұрғыны әйелін жыланмен шатастырып, темірмен ұрып тастады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қазан қаласында ер адам экзотикалық өрнегі бар пижама киген жұбайын жыланмен шатастырып, темір шыбықпен ұрған. Әйел ауруханаға түсті.
Жылан түстес пижама
"Аругменты и Факты - Казань" ақпаратынша, әйел жыланның суреті бар пижамамен ұйқыға жатқан. Аяғын көрпе астынан шығарып қойған. Сол сәтте қасындағы күйеуі оны жылан деп ойлап, темір шыбықпен бар күшімен ұрып-соққан.
Әйелдің аяғы бірнеше жерден сынды. Қазір ол ауруханада жатыр.
Оқиға
Шымкентте жылан қаптап кетті – видео