НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Өз мүлкіне салынған тыйымды алып тастамақ болған Өскемен тұрғыны алаяқтың құрбаны болды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
27 жастағы жәбірленуші полицияға танысы банктер бұғаттаған мүлікті қайтаруға көмектесемін деп, одан 2 миллион теңге алғанын, бірақ уәдесін орындамағанын айтып шағымданған.
Полицейлер 32 жастағы әйелді ұстады, ол кінәсін мойындады. Оған қатысты "Алаяқтық" бабы (Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.